«Жарақаттың тереңдігі 12 см. Соған қарағанда жарақат қатты салынған», - деді Халимназаров.
Мемлекеттік айыптаушы Дана Сәрсенбай 12 см жарақатты ұзындығы 9,6 см болатын пышақпен салу мүмкін бе деп сұрады.
«Иә, кей жағдайда күшпен пышақ салғанда жараның ұзындығы пышақтың ұзындығынан ұзын болуы мүмкін», - деді сарапшы.
Айта кетейік, бұған дейін Шерзат сотында мақұмның өліміне не себеп болғанын анықтаған сот-медициналық сараптама қорытындысы жарияланды.