Мәзір
Бүгін, 09:12 / BuginMedia / Жаңалықтар

Шымкентте ер адам бұрынғы әйеліне қышқыл төгіп, ауыр жарақат салды

Шымкенттің Қаратау ауданында әйелге бұрынғы күйеуі қышқыл төгіп, ауыр жарақат салды. Шабуылдан кейін күдікті Алматыға қашып кеткен, алайда полиция оны сол күні ұстаған, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Шымкентте ер адам бұрынғы әйеліне қышқыл төгіп, ауыр жарақат салды Шымкентте ер адам бұрынғы әйеліне қышқыл төгіп, ауыр жарақат салды
Фото: istockphoto.com

«Немолчи» қорының мәліметінше, әйел бұрынғы күйеуімен бес жыл бұрын ажырасқан. Ол кезде олардың ортақ баласы алты айлық болған.

Туыстарының айтуынша, ер адам әйелдің атына несие рәсімдеген. Кейін әйел одан алимент өндіруді талап еткен. Алайда ер адам алиментті тұрақты төлемеген. Ай сайын шамамен 10 мың теңге ғана аударып отырған.

Биыл ер адам бұрынғы әйелінің өміріне қайта араласа бастаған. Туыстарының сөзінше, ол бірнеше рет әйелдің үйіне келіп, есікті бұзып кіруге тырысқан. Сонымен қатар әйелді балағаттап, алименттен нотариус арқылы бас тартуды талап еткен.

Шабуыл болған күні күдікті жаңа телефон нөмірін сатып алып, өзін клиент ретінде таныстырған. Ол сұлулық салонында жұмыс істейтін әйелге шұғыл қызмет қажет екенін айтып, түнде кездесуді сұраған.

Әйел оның ұсынысына келісіп, кездесуге барған. Алайда жолда оны бұрынғы күйеуі күтіп тұрған. Ер адам арнайы киім киіп, қолына канистр ұстап келген. Ол әйелдің қолынан ұстап, үстіне қышқыл төккен.

Әйелдің айқайын естіген адамдар көмекке келген. Ал күдікті оқиға орнынан қашып кеткен.

Қазір зардап шеккен әйел ауруханада жатыр. Оның денесінің бірнеше бөлігі зақымданған. Әйелге бірнеше ота жасалған, алдағы уақытта терісін трансплантациялау қажет.

Шымкент полициясы бұл жағдай бойынша қылмыстық іс қозғады. Жедел іздестіру кезінде күдіктінің кім екені анықталып, ол Алматыда ұсталды. Қазір ер адам қамауда.

Полицияның мәліметінше, тергеу барысы ведомство басшылығының бақылауында.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2