Мәзір

Қазақстанда жолдарға тексерістен кейін 22 техникалық қадағалау сарапшысы жұмыстан шығарылды

Қазақстанда жолдарға тексерістен кейін 22 техникалық қадағалау сарапшысы жұмыстан шығарылды Қазақстанда жолдарға тексерістен кейін 22 техникалық қадағалау сарапшысы жұмыстан шығарылды
Фото Depositphotos.com

2026 жылы республикалық маңызы бар жолдарда жүргізілген тексерулер барысында 1 670 ақау мен талапқа сәйкессіздік анықталды. Жұмыс сапасын тиісті деңгейде бақыламаған техникалық қадағалау мамандарына 53,4 млн теңге көлемінде айыппұл салынды, 22 сарапшы жұмыстан шығарылды, деп хабарлайды buginmedia.kz.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ әліметінше, жыл басынан бері мамандар жол құрылысы мен жөндеу жұмыстарының сапасына 50-ге жуық тексеру жүргізген. Нәтижесінде 1 670 ақау мен талапқа сәйкессіздік анықталған.

Қазіргі уақытта олардың 831-і немесе 49,8 пайызы жойылды. Қалған кемшіліктерді жою жұмыстары жалғасып жатыр.

Анықталған ақаулардың қатарында жолдағы шұңқырлар мен ойықтар, жарықтар, асфальтбетон жамылғысының ығысуы, жолтабандар және жолдың пайдалану жағдайына әсер ететін басқа да кемшіліктер бар.

Әрбір анықталған жағдай бойынша жауапты тұлғалар белгіленіп, тиісті шаралар қабылдануда.

"Жұмыс сапасын тиісті деңгейде бақыламаған техникалық қадағалау мамандарына жалпы сомасы 53,4 млн теңге болатын айыппұл санкциялары қолданылған. Сонымен қатар 22 техникалық қадағалау сарапшысы жұмыстан шығарылған, - делінген хабарламада.

«ҚазАвтоЖол» жол жұмыстарының сапасына және техникалық қадағалауға қойылатын талаптарды күшейтіп жатқанын мәлімдеді.

Компанияның айтуынша, ақаудың анықталуы оның қабылданғанын білдірмейді. Мердігер ұйымдарға кемшіліктерді жою туралы талап қойылып, жауапты тұлғаларға тиісті шаралар қолданылады.

Жол нысандарының сапасын тексеру республикалық жол желісі бойынша жалғасады.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2