Білім басқармасының мәліметінше, әлеуметтік желіде тараған видео 18 сәуір күні Ақтау қаласындағы мектепте болған.
Қыздар мектеп әжетханасында 7-сынып оқушысын өкпе тұсынан қысып, есінен тандырған.
«Қазіргі уақытта жасөспірімдер мен олардың ата-аналарымен профилактикалық психологиялық жұмыстар жүргізілуде.
Сонымен қатар, аталған оқиғаға қатысты оқушылар Ақтау қаласы әкімі жанындағы кәмелет жасқа толмағандардың ісі бойынша арнайы комиссияда қаралатын болады.
Ақтау қалалық білім бөлімінің тарапынан мектеп директорына тәртіптік шара қолданылды», - делінген Маңғыстау облыстық Білім басқармасының хабарламасында.