Синоптиктердің болжамына сүйенсек, демалыс күндері циклонның батыс аймақтарға әсерімен және атмосфералық фронттардың өтуімен елдің көп бөлігінде қар жауады, ал оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады.
«Республиканың солтүстік-батысында 2 наурызда қатты қар жауады, оңтүстігінде 2-3 наурызда, елдің оңтүстік-шығысында 3 наурызда қатты жауын-шашын болады деп күтілуде. Республика бойынша тұман, көктайғақ, екпінді жел күтіледі.
Түнгі уақытта ауа температурасы батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте -8-23°С, шығыста, орталықта -10-26°С, оңтүстікте -2-15°С, оңтүстік-шығыста -3-10°С, таулы аудандарда -12-20°С болады деп күтіліп отыр», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.