Мәзір
Бүгін, 13:58 / BuginMedia / Жаңалықтар

42 градус ыстық, жаңбыр, бұршақ: 13-15 тамызға ауа райы болжамы

"Қазгидромет" РМК 13-15 тамызға ауа райы болжамын ұсынды,  деп хабарлайды buginmedia.kz.

42 градус ыстық, жаңбыр, бұршақ: 13-15 тамызға ауа райы болжамы 42 градус ыстық, жаңбыр, бұршақ: 13-15 тамызға ауа райы болжамы
Фото: "Қазгидромет" РМК

Синоптиктердің мәліметінще, алдағы күндері Қазақстан аумағындағы ауа райын бірнеше барикалық түзіліс қалыптастырады. Алдымен солтүстік циклон Қазақстанның батысынан шығысына қарай жылжып, жаңбыр, найзағай, желдің күшеюін алып келеді. Кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін.

15 тамызда циклонның артынан антициклон жылжи бастайды. Оның әсерінен жауын-шашын тоқтап, еліміздің батыс өңірлерінде ауа температурасы төмендейді. Тек Қазақстанның оңтүстігінде ауа райы тұрақты түрде ыстық болады.

"Оңтүстік ауа ағындары жауын-шашынсыз ауа райы мен жоғары температуралық фонды сақтайды. Күндіз ауа температурасы +37…+42 °C-қа дейін көтеріліп, қатты ыстық болады", - делінген хабарламада.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2