Индира Мәуленованың сөзінше, үй көмекшісі арнайы агенттік арқылы жұмысқа алынған. Алайда біраз уақыт өткен соң ол үйден қашып кеткен.
Кетер алдында бала күтуші үйді тінтіп, агенттікке тапсырылған төлқұжатын тауып алған. Сонымен қатар үйдегі ақша мен кейбір заттарды алып кеткен.
Индира Мәуленова мұндай жағдайдан кейін үйге қызметкер қабылдауда мұқият болу қажеттігін ескертті.
«Біз оған агенттік арқылы төрт мың доллар төледік. Өзінің паспорты мен жиналған менің ақшамды алып қашып кеткен», – деді ол.