Синоптиктердің мәліметінше, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты елдің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады.
Көптеген өңірде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік пен шығыста жауын-шашын қатты болуы мүмкін. Кей жерлерде бұршақ жауып, жел күшеюі ықтимал.
Қазақстан бойынша жел күшейеді. Оңтүстікте күндіз кей жерлерде шаңды дауыл соғуы мүмкін. Ал батыс, солтүстік-батыс және солтүстік өңірлерде түнде және таңертең тұман түседі.
Сонымен қатар елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ыстық ауа райы сақталады. Алматы облысы мен Жетісу облысында күндіз ауа температурасы +35...+36°C, Маңғыстау облысының оңтүстігінде +38°C-қа дейін көтеріледі.