Мәзір
25 ақпан, 2025 / BuginMedia / Білім

Қазақстанда жемқорлардан тәркіленген ақшаға 28 жаңа мектеп салынатын болды

Қазақстанда жемқорлардан тәркіленген ақшаға 28 жаңа мектеп салынатын болды, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Қазақстанда жемқорлардан тәркіленген ақшаға 28 жаңа мектеп салынатын болды Қазақстанда жемқорлардан тәркіленген ақшаға 28 жаңа мектеп салынатын болды
Фото: istockphoto.com

Арнайы құрылған Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры есебінен 22 мың оқушы орнына арналған тағы 28 жаңа мектеп салынады. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Министрлік мәліметінше, мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылған қор жемқорлардан тәркіленген қаражат есебінен толықтырылып келеді. Оның негізгі мақсаты білім беру ұйымдары үшін жаңа ғимараттар салу, кеңейту арқылы апатты мектептер мен орын тапшылығын жою.

«Мемлекет балалар үшін қолайлы жағдай жасауға ерекше көңіл бөліп келелі. Бүгінгі таңда 74,4 мың орындық 61 мектеп пайдалануға берілді, оның 29-ы ауылдық елді мекендерде орналасқан», - деп атап өтті инфрақұрылымды дамыту департаментінің басқарма басшысы Жайық Махсұтов.

2024 жылы 25 мектеп салынды, олардың басым бөлігі Астана қаласында, сол сияқты Маңғыстау, Алматы, Жамбыл облыстарында орналасқан. Барлық білім беру ұйымы заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған.

Естеріңізге сала кетейік, білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының есебінен 100 мыңға жуық оқушы орындық 89 мектептің құрылысы қаржыландырылды.

Апта талқысында: