Өнер иесінің айтуынша, жаңа альбомының жарыққа шығуына орай ұйымдастырылған байқау жеңімпазына 500 мың теңге табысталады.
«Көрмей, естімей қалған оқырмандарым болса тағы айта өтейін. Екі күннен соң менің атымнан альбомымның шығуына байланысты қойылған сый иесіне табысталады. 500 мың теңге сіздікі болуы әбден мүмкін. Ол үшін кішкентай ғана тапсырма бар», – деді Ерке Есмахан.
Әнші байқауға қатысу үшін қарапайым тапсырманы орындау қажет екенін айтып, жеңімпаздың есімі екі күннен кейін белгілі болатынын жеткізді.