Соған сәйкес, 1–4-сыныптардағы «Цифрлық сауаттылық» пәні «Цифрлық сауаттылық және жасанды интеллект» деп өзгертілді, 11-сыныптардағы «Информатика» пәні «Информатика және жасанды интеллект» атауына ие болды.
Бұл тек атаудың өзгеруі емес. Жаңартылған бағдарламаларға жасанды интеллект бойынша жаңа бөлімдер енгізіліп, барлығы 43 жаңа оқу мақсаты қосылды.
Бастауыш сынып оқушылары «Медиасауаттылық және ЖИ» бөлімі аясында жасанды интеллектінің күнделікті өмірдегі қарапайым қолданысымен танысып, цифрлық қауіпсіздік пен жеке деректерді қорғау негіздерін меңгереді.
5–9-сынып оқушылары жасанды интеллект құралдарын тиімді пайдалану, дұрыс сұраныс (промпт) құрастыру, нәтижелерді сыни бағалау, киберқауіпсіздік пен академиялық адалдық қағидаттарын сақтауды үйренеді. Ал 10–11-сыныптарда оқушылар жасанды интеллектінің жұмыс істеу қағидаттарын, машиналық оқыту, нейрондық желілер, деректерді талдау және қолданбалы криптография негіздерін меңгереді.
Жаңартылған оқу бағдарламалары өткен оқу жылында апробациядан сәтті өтіп, оң сараптамалық қорытынды алған. Қазір олар белгіленген тәртіппен бекітілу кезеңінде.
Сонымен қатар мұғалімдерге білім беру процесінде жасанды интеллектіні тиімді әрі қауіпсіз пайдалану бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірленіп жатыр.