Мәзір
11 ақпан, 2025 / BuginMedia / Әлеумет

Қыздардың сусынына есірткі қосады: Астана полициясы бойжеткендерге үндеу жасап, дәріханадан тест сатып алуды ұсынды

Астана қаласының есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бойжеткендерге ескерту жасады, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Қыздардың сусынына есірткі қосады: Астана полициясы бойжеткендерге үндеу жасап, дәріханадан тест сатып алуды ұсынды Қыздардың сусынына есірткі қосады: Астана полициясы бойжеткендерге үндеу жасап, дәріханадан тест сатып алуды ұсынды
Фото: polisia.kz

Көңіл көтеру мекемелерінде қыздардың сусынына есірткі қосу фактілері жиі тіркеледі екен.

«Соңғы жыл ішінде 8 мыңнан астам есірткі қылмысы анықталды. Олардың арасында қылмыскерлердің бейтаныс адамдарға, әсіресе қыздардың сусындарына есірткі қосу жағдайлары жиі кездеседі», - деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Тәртіп сақшылары тұрғындарға есірткіні анықтайтын арнайы тест-жолақтарын өзімен бірге алып жүруге кеңес берді.

«Мұндай жолақтар дәріханаларда сатылады, кішкентай, көп орын алмайды және ең бастысы бір минут ішінде қауіпті заттардың бар-жоғын анықтауға көмектеседі. Бұл қылмыстың алдын алудың және өз қауіпсіздігіңізді қамтамасыз етудің қарапайым, бірақ тиімді тәсілі», - дейді олар.

Апта талқысында: