Астанада сүйіктісіне ұсыныс жасау үшін салют атқан азамат 5 тәулікке қамалды, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Астанада сүйіктісіне романтикалық ұсыныс жасау үшін саябақта салют атқан 24 жастағы азамат бес тәулікке әкімшілік қамаққа алынды, деп хабарлайды Ult.kz.
Polisia.kz мәліметінше, оқиға түнгі сағат 01:20 шамасында Жұмабек Тәшенов көшесінде орналасқан Ататүрік саябағында болған. Нұркен Төремұратов сүйіктісіне ұсыныс жасау кезінде пиротехникалық бұйымдарды қолданып, қоғамдық тәртіпті бұзған.
Аталған дерек бойынша азаматқа қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 436-бабының 2-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылып, іс сотқа жіберілген.
Сот шешімімен Нұркен Төремұратов бес тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.