Мәзір
11 ақпан, 2025 / BuginMedia / Жаңалықтар

Астанада жасөспірім лифтіде тұрған 5 жасар баланың бетін пышақпен тілгілеп тастады

Астанада көпқабатты үйлердің бірінде 14 жастағы жасөспірім қолындағы пышақпен лифтіде тұрған 5 жасар балаға шабуылдап, қолындағы пышақпен бетін тілгілеп тастады, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Астанада жасөспірім лифтіде тұрған 5 жасар баланың бетін пышақпен тілгілеп тастады Астанада жасөспірім лифтіде тұрған 5 жасар баланың бетін пышақпен тілгілеп тастады
фото: Halyq Uni

Оқиғаға қатысты қалалық полиция департаменті мәлімдеме жасап, жасөспірімнің психоневрологиялық диспансерде есепте тұрғанын хабарлады.

«Оқиғаны тергеу барысында психоневрологиялық диспансерде есепте тұрған кәмелетке толмаған адам анықталды. Оның заңды өкілдері полицияға шақыртылды, олар заңнамаға сәйкес міндетін тиісінше орындамағаны үшін қатаң жауапкершілікке тартылады.

Зардап шеккен бала ауруханаға жатқызылды, оған қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

Осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Шабуыл жасаған жасөспірім қажетті тергеу әрекеттері жүргізілгеннен кейін белгіленген тәртіппен бірден оқшауланады», - делінген хабарламада.

«Бетінен бірнеше жерден жара алған бала жедел-медициналық жәрдем бригадасы №2 Көпбейінді қалалық балалар ауруханасына жеткізді. Баланың жағдайын кезекші травматолог және жақ-бет хирургы қарады. Баланың жалпы жағдайы – ауыр. Жақ-бет хирургиясы бөлімшесіне жатқызылды", - делінген қалалық Денсаулық сақтау басқармасы таратқан ақпаратта.

Апта талқысында: