Мәзір
9 ақпан, 2025 / BuginMedia / Әлемде

Тағы бір ұшақ апатқа ұшырап, 10 адам қаза тапты

Bering Air компаниясының ұшағы Аляска штатындағы әуе кеңістігінде радар экрандарынан жоғалып, апатқа ұшырады. Ұшақ бортында болған барлық 10 адам қаза тапты, деп хабарлайды buginmedia.kz ТАСС-қа сілтеме жасап.

Тағы бір ұшақ апатқа ұшырап, 10 адам қаза тапты Тағы бір ұшақ апатқа ұшырап, 10 адам қаза тапты
Фото: unsplash.com

Апат туралы ақпаратты АҚШ-тың жағалау күзеті агенттігіне сілтеме жасаған Associated Press агенттігі жариялады.

Апаттың себебі әзірге белгісіз. Ұшақ Уналаклит қаласынан Ном қаласына қарай рейс орындаған. Бортта тоғыз жолаушы мен бір ұшқыш болған. NBC телеарнасының мәліметінше, ұшақтың қалдықтары Номнан оңтүстік-шығысқа қарай 54,7 шақырым жерде табылған.

Айта кетейік, бұл АҚШ-та екі апта ішінде болған үшінші ірі әуе апаты.

Апта талқысында: