Мәзір
6 ақпан, 2025 / BuginMedia / Әлеумет

«Ағаш кесуге мәжбүрлеген»: Жамбыл облысында еден жуушы қаза тапты

Жамбыл облысында 50 жастағы мектеп қызметкері ағаштан құлап, көз жұмды, деп хабарлайды buginmedia.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

«Ағаш кесуге мәжбүрлеген»: Жамбыл облысында еден жуушы қаза тапты «Ағаш кесуге мәжбүрлеген»: Жамбыл облысында еден жуушы қаза тапты
Фото: istockphoto.com

Оқиға 30 қаңтар күні Байзақ ауданына қарасты «Дихан» тірек мектебінде болған. 

HALYQSTAN Telegram-арнасы мәліметінше, марқұм мектепте еден жуушы болып жұмыс істегенімен, іс жүзінде күзетшінің де міндетін атқарған. Ол жұмысқа тек кешкі уақытта келетін.

«Қайғылы оқиға болған күні оны мектепке әдеттегіден ертерек шақырып, ағаш кесуге жіберген. Бірақ ресми нұсқаға сәйкес, оның үстіне ағаш құлаған», – дейді ауыл тұрғындары.

Облыстық білім басқармасы бұл жағдайды растады. Қазір қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Апта талқысында: