Фронтальді бөлімдердің өтуімен түнде солтүстікте, елдің орталығында аздаған қар, шығысында қар, батысында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз солтүстігінде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), батысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.
Республиканың оңтүстігінде ғана антициклон сілемінің әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. ҚР бойынша тұман, елдің солтүстігінде, батысында көктайғақ, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында – жаяу бұрқасын, оңтүстік-шығысында, орталығында күшейюі күтіледі.