Мәзір
30 қаңтар, 2025 / BuginMedia / Әлемде

АҚШ-та ұшақ пен тікұшақ соқтығысып, өзенге құлады: 28 адамның денесі судан шығарылды

Вашингтондағы Рональд Рейган әуежайында соқтығысып, өзенге құлаған ұшақ пен әскери тікұшақтың 28 жолаушысының мүрдесі судан шығарды, деп хабарлады ВВС.

АҚШ-та ұшақ пен тікұшақ соқтығысып, өзенге құлады: 28 адамның денесі судан шығарылды АҚШ-та ұшақ пен тікұшақ соқтығысып, өзенге құлады: 28 адамның денесі судан шығарылды
Фото: travelask.ru

Колумбия округі өрт сөндіру қызметінің басшысы Джон Доннелли құтқарушылар ұшақтан 27 адамның денесін, тікұшақтан 1 денені шығарғанын айтты.

«Қазіргі уақытта біз құтқару операциясынан қаза тапқандардың денесін іздеуге көшеміз. Өкінішке қарай, апаттан аман қалғандар жоқ деп ойлаймыз», – деді ол баспасөз мәслихатында.

Бұған дейін Вашингтондағы NBC News4 арнасы судан 30-дан астам мүрде шығарылғанын хабарлаған.

Құтқару жұмысындағы қиындық

Құтқару жұмыстары күннің қараңғы кезі мен төмен температураға байланысты қиын жүріп жатқаны хабарланды. Доннеллидің айтуынша, іздеуге 300-ге жуық құтқарушы жұмылдырылған.

«Негізгі қиындық – апат орнына жету. Күшті жел мен мұз кесектері судың бетінде қозғалысты қиындатып, құтқару жұмыстарын өте қауіпті етуде», – деп түсіндірді ол.

Ұшақ апаты

АҚШ астанасы Вашингтонда PSA Airlines әуе компаниясының CRJ700 жолаушылар ұшағы Sikorsky h-60 тікұшағымен соқтығысып, Рональд Рейган әуежайының жанындағы Потомак өзеніне құлаған. Ұшақ бортында 60 жолаушы мен 4 экипаж мүшесі, ал тікұшақта 3 әскери қызметкер болған.

Соңғы уақытта әлем бойынша ұшақ апаттары жиілеген. Соңғы бір ай көлемінде Қазақстанда, Оңтүстік Кореяда, Бразилияда, Канадада ірі ұшақ апаттары болған. 

Апта талқысында: