Мәзір
Бүгін, 20:45 / BuginMedia / Жаңалықтар

АҚШ-та үш баланың анасы ұсталды: Қазақстан СІМ мән-жайды айтты

АҚШ-та ұсталған Қазақстан азаматшасына адвокат тағайындалды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Жанболат Өсенов мәлімдеді, деп хабарлайды buginmedia.kz.

АҚШ-та үш баланың анасы ұсталды: Қазақстан СІМ мән-жайды айтты АҚШ-та үш баланың анасы ұсталды: Қазақстан СІМ мән-жайды айтты
ИИ / Ulysmedia.kz

Оның айтуынша, әйел АҚШ-та бірнеше жылдан бері тұрғанымен, заңды иммиграциялық мәртебесі болмаған.

«Оған адвокат тағайындалды. Біздің консулдық қызметкерлеріміз оның отбасымен байланыс орнатты. Жағдай оң шешіледі деп үміттенеміз. Қазіргі басты міндетіміз – Қазақстан азаматшасына қажетті консулдық көмек көрсету», – деді Жанболат Өсенов.

Бұған дейін Қазақстан азаматының Флорида штатында АҚШ иммиграциялық қызметі тарапынан ұсталғаны хабарланған еді. Оның үш баласы бары айтылды.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2