Мәзір
13 қаңтар, 2025 / BuginMedia / Жаңалықтар

Астанада сотталушы 240 млн теңгені төлей алмағаны үшін 7 жылға түрмеге қамалды

Астанада сот пара бергені үшін сотталған жергілікті тұрғынды айыппұлды төлей алмағаны үшін бас бостандығынан айыру орнына жіберді, деп хабарлайды buginmedia.kz прокуратураға сілтеме жасап.

Астанада сотталушы 240 млн теңгені төлей алмағаны үшін 7 жылға түрмеге қамалды Астанада сотталушы 240 млн теңгені төлей алмағаны үшін 7 жылға түрмеге қамалды
Фото: istockphoto.com

Сот лауазымды тұлғаларға бірнеше рет пара бергені үшін Астана тұрғынына 240,3 млн теңге мөлшерінде айыппұл салған. Сотталған адам сот орындаушысына 196 млн теңге сомасына айыппұлды ішінара өтегенін көрсететін түбіртектердің көшірмелерін берген.

Алайда Нұра ауданының прокуратурасы бұл сома мемлекет кірісіне түспегенін анықтады.

Түбіртектің жалған болып шықты, – делінген хабарламада.

Нәтижесінде сот айыппұл түріндегі жазаны жеті жылға бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырды.

Апта талқысында: