Мәзір
22 желтоқсан, 2024 / BuginMedia / Білім

Семейде шырша безендіру кезінде биіктен құлаған мұғалім: досы оның кім екенін айтты

Семейде қалалық шыршаны безендіру кезінде мұғалім биіктен құлап кетті, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Семейде шырша безендіру кезінде биіктен құлаған мұғалім: досы оның кім екенін айтты Семейде шырша безендіру кезінде биіктен құлаған мұғалім: досы оның кім екенін айтты
Фото: qalamger.kz

Мұғалімнің досы, ақын Біржан Ахмердің жазуынша, ол №49 мектепте жұмыс істейді.

"Қазір науқастың жағдайы ауыр. Мәселеге тікелей қатысы бар тұлғалар ел алдында жауап береді деп ойлаймыз. Қуаттың денсаулығы мектеп басшылығына емес, өзіне, отбасына керек. Мұғалімдерді осындай жұмысқа тарту қаншалықты дұрыс? Досыма амандық тілеймін. Тезірек сауығып кетсін", – деп жазды ол.

Мұғалім Семейде тұрады. Қаладағы Шәкәрім университетін бітірген.

1993 жылы 31 қазанда Жарма ауданы Белтерек ауылында дүниеге келген. Республикалық, облыстық аудандық бірнеше жыр мүшәйраларыынң жеңімпазы. «Алақұлын, «Бір кесе мұң», « Ажал иесі» атты әңгімелері бар.

Семейде жаңа жылдық шыршаны безендіру кезінде мұғалім биіктен құлап, зардап шеккен мұғалім жайлы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев өзінің Facebook парақшасында жазба жариялап, мұғалімдерді жаңажылдық шыршаны безендіруге тарту және олардың осы іс барысында жарақат алуы – заң бұзушылықтың айқын көрінісі екенін мәлімдеді.

“Педагогтерді кәсіби міндеттеріне жатпайтын мұндай жұмыстарға тарту – «Педагог мәртебесі туралы» заңды өрескел бұзу деп санаймын. Бұл оқиғаға байланысты облыс басшылығы әділ әрі жан-жақты тексеру жүргізіп, алдағы уақытта мұндай келеңсіздіктердің қайталануына жол бермеу үшін тиісті шаралар қабылдайды деп үміттенемін.

Мемлекет басшысы педагогтердің қоғамдағы рөліне ерекше мән беріп, олардың құқықтарының «Педагог мәртебесі туралы» заң аясында қатаң сақталуын әрдайым назарда ұстап келеді. Осы орайда білім басқармалары мен бөлім басшыларына заң талаптарын қатаң орындауға ерекше назар аударуды ескертемін”, - деді министр.

Ғ.Бейсембаев мектеп мұғалімі Қуат Айтқалиевтің отбасына шынайы қолдау білдіре отырып, оның тезірек сауығуын тілейтінін жеткізді.

Қазіргі уақытта оған барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатқанын және бұл жағдай ерекше бақылауға алынғанын атап өтті.

Дереккөз: ulysmedia.kz

Апта талқысында: