Ұлттық банктің ұсынған ресми бағамы — 1 долларға 523,86 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,11 теңге. Еуро — 544,34.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 525,7 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 529,7 теңге. Еуро 546 — 551 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 523 теңге, сатып алу құны — 520 теңге. Еуро 543 теңгеден сатылып, 553 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,02 — 5,12 аралығында саудаланып жатыр.
Айта кетейік, 20 желтоқсан кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,05 теңгеге төмендеп, 523,95 теңге болған.