Мәзір
Бүгін, 16:22 / BuginMedia / Жаңалықтар

Үш жылдық бюджет жобасы: Келесі жылы доллар бағамы қанша болады?

Бүгін Үкімет Құрылтайда Қазақстанның 2027–2029 жылдарға арналған бюджет жобасын таныстырды. Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин бюджетте доллардың 2027 жылға арналған есептік бағамы 480 теңге болып белгіленгенін айтты, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Үш жылдық бюджет жобасы: Келесі жылы доллар бағамы қанша болады? Үш жылдық бюджет жобасы: Келесі жылы доллар бағамы қанша болады?
Ашық дереккөз

Оның сөзінше, бұған дейін 2027 жылға арналған бюджетте доллар бағамы 540 теңге деп қарастырылған. Бұл көрсеткіш 2026 жылғы бюджетті жоспарлау кезінде алынған.

«Біз 2026 жылды 2025 жылдың шілдесінде жоспарладық. Сол кезде бағам бізде тура 540 болды. Тіпті, естеріңізде болса, 550, 554 теңге болған кездері де еді. Тиісінше, сол кездегі динамикаға сүйеніп, біз жалпы осындай бағам күтіледі деп болжадық. Соған байланысты биылғы жоспарда да бізде 540 теңге деп көрсетілген болатын», – деді Әмрин.

Алайда биыл 2027 жылға арналған бюджетті жоспарлау кезінде бұл көрсеткіш қайта қаралған. Үкімет жаңа болжамды биылғы валюта бағамының динамикасын ескере отырып қалыптастырған.

«Биылғы бағамның өзгеру динамикасын ескеріп, 480 теңге деп болжап отырмыз. Ал жыл басынан бергі орташа бағам 478 теңге болып отыр. Сол себепті барынша төменгі деңгейде – 480 теңге бағамын белгіледік», – деді Ұлттық экономика бірінші вице-министрі.

Әмриннің айтуынша, 2026 жылдың басынан бергі доллардың орташа бағамы шамамен 478 теңге болған. Бұл көрсеткіш келесі жылдың бюджетін есептеу кезінде негізгі бағдарлардың біріне айналған.

Вице-министр бюджет болжамы кейін нақтылануы мүмкін екенін де айтты.

«Келесі жылдың қорытындысы бойынша әртүрлі көрсеткіштер мен түрлі бағам болуы мүмкін екені түсінікті. Біз бұл мәселе бойынша нақтылаумен келуіміз де мүмкін екенін білесіздер. Бірақ әзірге ондай негіз жоқ, біз, керісінше, сәл консервативті түрде – 480 теңге деп бекіттік», – деп толықтырды Әмрин.

Қазір доллар бағамы қандай?

16 қыркүйектегі KASE сауда-саттығының қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 444,88 теңге болды. Бұл алдыңғы сауда күніндегі көрсеткіштен 2,8 теңгеге төмен.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2