"Қарағанды полицейлері алаяқтық жасады деген күдікпен 63 жастағы ер адамды ұстады. Аталған ер адам базарлардың бірінде сары май сатып алу сылтауымен номиналы 20 мың теңгені құрайтын сувенирлік купюрамен сауда жасаған. Күдікті өз кінәсін мойындады. Заттай дәлелдемелер алынды", – делінген Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі хабарламасында.
Қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде. Полицейлер күдіктінің басқа да осындай қылмыстарға қатысының бар-жоғын анықтап жатыр.