Мәзір
17 желтоқсан, 2024 / BuginMedia / Аймақ

«Туыстарының үйіне қыдырып бара жатқан »: Қостанай облысында мұғалімдер жол апатынан көз жұмды

Қостанай облысында мұғалімдер мінген көлік апатқа ұшырап, үш адам көз жұмды, ал үш жолаушы ауыр жараланған. Марқұм болғандардың екеуі — мектеп мұғалімі, деп хабарлайды buginmedia.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.
 

«Туыстарының үйіне қыдырып бара жатқан »: Қостанай облысында мұғалімдер жол апатынан көз жұмды «Туыстарының үйіне қыдырып бара жатқан »: Қостанай облысында мұғалімдер жол апатынан көз жұмды
Фото: qostanai.media

Ауыр жарақат алған үш жолаушы Әулиекөл ауданындағы аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Қайғылы оқиға кеше Қарасу ауданындағы Герцено кентінің маңында болған. Қостанай - Сұрған тасжолымен жүйткіп келе жатқан Volvo және Toyota Alphard автокөліктері бетпе-бет соқтығысқан.

Бірнеше адамның өмірін қиған жол апатына қатысты сараптама тағайындалып, тергеу басталды.

"Өкінішке қарай, жол апатынан екі мұғалім қаза болды. Бірі — Заречный мектеп-лицейінің орыс тілі пәні мұғалімі. Ал екіншісі — Алтынсарин атындағы орта мектепте педогог-психолог. Олар туыстарының үйіне қыдырып бара жатқан екен. Марқұмдардың туыстарына қайғырып, көңіл айтамыз", - деді Қостанай облысы әкімдігі Білім басқармасының баспасөз хатшысы Анна Лазарева.

Апта талқысында: