"ҚР ТЖМ «Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2024 жылғы 15 желтоқсанда Астана уақытымен 23 сағат 23 минутта жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің координаттары: 44.000 с.е. 76.910 ш.б", – делінген хабарламада.
Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында Алматы қаласынан солтүстікке қарай 88 шақырым жерде орналасқан.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше:
Қонаев қаласы 3 балл,
Алатау қаласы (Жетіген) 2 балл.
Құрты ауылы 2 балл.
Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ.