Президенттің әйелі "бағалы қағаздарға қатысты заң бұзды", "сайлауға араласты", "мемлекеттік құпияны таратты" деген секілді 15 түрлі күдікке ілінгені жария болып отыр.
Парламент бұл бастаманы 7 желтоқсанда көтеріп көрген. Десе де, ол кезде депутаттардың қажетті дауысын жинай алмаған еді. Осы жолы, ел парламенті тиісті заң жобасын қолдап дауыс берген.
Еске салайық, кеше ғана Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёлдің жаңа телеүндеу жасап, ол жерде өткен аптада әскери жағдай енгізу туралы шешім дұрыс болғанын айтқан. Мұны ВВС хабарлады. Үндеу барысында ол "бүлік шығарды" деген айыптарға келіспеген.