Мәзір
11 желтоқсан, 2024 / BuginMedia / Әлемде

Оңтүстік Корея президенті қамауға алынуы мүмкін

Оңтүстік Кореяның парламенті президент Юн Сок Ельді қамауға алу туралы қарарды мақұлдап, арнайы прокурор тағайындауға келісім берді,  деп хабарлайды buginmedia.kz.

Оңтүстік Корея президенті қамауға алынуы мүмкін Оңтүстік Корея президенті қамауға алынуы мүмкін
Фото: Ақорда

Президентке сыбайлас жемқорлық пен лауазымын асыра пайдалану әрекеттеріне қатысы бар деген күдік тағылып отыр. 

Алайда нақты айыптар мен дәлелдер толық жарияланған жоқ. Президенттің жақтастары бұл әрекетті саяси қарсыластардың қысымы деп атауда. 

Парламенттің шешімі президентті тергеу және оны қамауға алу процесін бастауға мүмкіндік береді.

Корея қоғамында бұл шешімге қатысты пікірталастар екіге бөлінді. Бір бөлігі елдегі заң үстемдігін қолдаса, екіншілері саяси тұрақсыздықтан қауіптеніп отыр. Халықаралық қауымдастық бұл жағдайды мұқият бақылауда ұстап, елдегі демократиялық процестерді сақтауға шақырды.

Апта талқысында: