Мәзір
9 желтоқсан, 2024 / BuginMedia / Жаңалықтар

«Оны асып кетті»: Шерзаттың ағасы Нұрқанаттың қазасы туралы туыстары мәлімдеме жасады

Шерзат Болаттың ағасының суицид жасағанын туыстары жоққа шығарды, деп хабарлайды buginmedia.kz Orda.kz-ке сілтеме жасап.

"Оны асып кетті": Шерзаттың ағасы Нұрқанаттың қазасы туралы туыстары мәлімдеме жасады "Оны асып кетті": Шерзаттың ағасы Нұрқанаттың қазасы туралы туыстары мәлімдеме жасады
Фото: видеодан алынды

9 желтоқсан күні Талғардың шетінде Шерзат Болаттың ағасы Нұрғанат Ғайыпбаевтың денесі табылды. Полицияның алдын ала мәліметі бойынша, өлім себебі — асфиксия, яғни тұншығу салдарынан болған. Денесінде зорлық-зомбылық іздері анықталмады деген ақпарат берген болатын. 

Дегенмен, Ғайыпбаевтың отбасы суицид нұсқасын үзілді-кесілді жоққа шығарып отыр. Бұл туралы оның әпкесі бізге айтып берді. Қазіргі уақытта туыстары пікір білдіруден бас тартып, кез келген түсірілімге тыйым салуда. Олардың айтуынша, марқұмның денесі мәйітханада жатыр, ал полиция өлімнің мән-жайын тергеуде. 

«Ол ешқандай да суицид жасаған жоқ. Асылып қалды деген сөз өтірік. Оны асып кетті. Қазір Қаржаубай мәйітханада жағдайды анықтауда. Қалғанын адвокаттар айтады», – деп қысқа қайырды әпкесі Бақыт.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы облысы полиция департаменті Талғар қаласының маңында өлі табылған Шерзат Болаттың ағасының өлім алдында туысына жазған хабарламасын жариялады.

Апта талқысында: