Мәзір
16 қазан, 2024 / BuginMedia / Аймақ

Қар, боран, көктайғақ: 16 қазанға ауа райы болжамы

"Қазгидромет" РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 16 қазанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Қар, боран, көктайғақ: 16 қазанға ауа райы болжамы Қар, боран, көктайғақ: 16 қазанға ауа райы болжамы
Фото: istockphoto.com

Атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен республика аумағының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) өтеді, түнде Қазақстанның оңтүстігінің, оңтүстік-шығысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі, түнде Қазақстанның оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады, түнде шығыста, оңтүстікте, елдің орталығында қар күтіледі. Елдің батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Елде жел күшеюі күтіледі, түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман болады. ҚР орталығында қарлы боран, шығысында, оңтүстігінде, орталығында, республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда көктайғақ болжанады.

Түнде Қызылорда, Түркістан облыстарында 1-6 градус үсік күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, Қызылорда облысының орталығында, солтүстігінде, батысында жоғары өрт қаупі сақталады, Атырау облысының батысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.

Апта талқысында: