Мәзір
Бүгін, 15:22 / BuginMedia / Жаңалықтар

44 градус ыстық, жаңбыр мен бұршақ: алдағы үш күнге ауа райы болжамы

Алдағы күндері Қазақстанда ауа райы құбылмалы болады. 11–13 тамыз аралығында бірқатар өңірде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей жерлерде бұршақ түсіп, екпінді жел соғуы мүмкін. Сонымен қатар еліміздің оңтүстігінде ауа температурасы +44 градусқа дейін көтеріледі.деп хабарлайды buginmedia.kz.

44 градус ыстық, жаңбыр мен бұршақ: алдағы үш күнге ауа райы болжамы 44 градус ыстық, жаңбыр мен бұршақ: алдағы үш күнге ауа райы болжамы
фото: ЖИ

«Қазгидромет» болжамына сәйкес, 11 тамызда Қазақстанның бірқатар өңірінде жауын-шашын мол түседі. Елдің солтүстігі мен оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында нөсер жаңбыр жаууы мүмкін. Кей жерлерде бұршақ түсіп, желдің екпіні күшейеді.

Қазақстанның орталығы мен оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Ал солтүстік-батыс, солтүстік және шығыс облыстарда түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал.

Оңтүстікте +44 градусқа дейін ыстық болады

Еліміздің оңтүстігінде аптап ыстық күтіледі. Күндіз ауа температурасы +37...+44 градусқа дейін көтеріледі.

Шығыс және оңтүстік-шығыс өңірлерде күндіз ауа температурасы +30...+42 градус аралығында болады.

Батыс пен орталық облыстарда ауа температурасы +27...+39 градус шамасында сақталады.

Ал солтүстік-батыс пен солтүстікте салыстырмалы түрде салқын ауа райы байқалады. Дегенмен бұл өңірлерде де күндіз ауа температурасы +25...+35 градусқа дейін жетеді.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2