Мәзір
30 қараша, 2024 / BuginMedia / Экономика

Доллар, еуро мен рубльдің 30 қарашадағы бағамы жарияланды

Астана мен Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 513 – 523 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Доллар, еуро мен рубльдің 30 қарашадағы бағамы жарияланды Доллар, еуро мен рубльдің 30 қарашадағы бағамы жарияланды
Фото: istockphoto.com

Ұлттық банктің 30 қарашаға арналған ресми бағамы — 1 долларға 511,22 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 4,73 теңге. Еуро — 540,05.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 515,14 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 519,23 теңге. Еуро 538,88 — 546,57 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 513 теңге, сатып алу құны — 523 теңге. Еуро 538,72 теңгеден сатылып, 548,92 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,81 - 4,96 аралығында саудаланып жатыр.

 

Апта талқысында: