Мәзір
Бүгін, 18:45 / BuginMedia / Экономика

Доллар қымбаттай ма: Ұлттық банк жауап берді

Елордада цифрлық активтер индустриясын дамыту мәселелеріне арналған баспасөз мәслихатында Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов доллар бағамына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды buginmedia.kz

Доллар қымбаттай ма: Ұлттық банк жауап берді Доллар қымбаттай ма: Ұлттық банк жауап берді
Фото: gazeta.uz

Оның айтуынша, соңғы бірнеше айда теңге Ұлттық банктің араласуынсыз-ақ нығайып келеді. Бұған елдегі тұрақты макроэкономикалық жағдай және негізгі экономикалық көрсеткіштердің қалыпты болуы әсер етіп отыр.

– Доллардың алдағы бағамына келсек, оған алаңдауға негіз жоқ. Экономикадағы негізгі көрсеткіштер тұрақты. Импорт көлемі де бұрынғы деңгейде сақталып отыр. Сондықтан шетел валютасына сұраныс күрт өседі деп отырған жоқпыз. Осыны ескерсек, доллар бағамы қатты өзгермеуі тиіс. Әрине, маусымдық ауытқулар мен басқа да факторлар болады. Бірақ бағамды нарықтың өзі айқындайды, - деді Тимур Сүлейменов.

Бұһүгін доллар бағамы шамамен 3 теңгеге төмендеп, сауда нәтижесі бойынша 464,71 теңге болды.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2