Мәзір
15 қазан, 2024 / BuginMedia / Әлеумет

Шерзат Болаттың өліміне қатысты 10 күдікті ұсталды - ІІМ

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Әленов Талғарда жасөспірімді өлтірді деген күдіктілердің ұсталуына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Шерзат Болаттың өліміне қатысты 10 күдікті ұсталды - ІІМ Шерзат Болаттың өліміне қатысты 10 күдікті ұсталды - ІІМ
Фото: видеодан алынды

«Қылмыстық тергеудің объективтілігіне келсек, бірден іс қозғалды. Оқиға орнында 7 күдікті ұсталып, уақытша қамауға алынды. 13 қазанда тағы үш адамды қамадық. Төбелестен кейін қайғылы жағдай болған жерге жақын жерде тұратын екі адам келді. Қазір оларға қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - деді Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Әленов.

Бұған дейін Ішкі істер министрлігінің өкілдері Талғардағы 16 жастағы Шерзат Болат қаза тапқан жерде камераға түсіп қалған видеоны көрсетті.

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2