Алдын ала мәлімет бойынша, қайғылы оқиға ауданға қарасты ауылдардың бірінде болған.
«Отырар» телеарнасының мәліметінше, күдікті анасына өз үйінде пышақ жарақатын салған. Әйел алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмған.
Әлеуметтік желілерде күдіктіге церебралды сал ауруы диагнозы қойылғаны туралы бейресми ақпарат тарады. Алайда бұл мәліметті құқық қорғау органдары әзірге растаған жоқ.
Түркістан облыстық полиция департаменті аталған оқиғаның болғанын растады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.