Мәзір
Бүгін, 09:58 / BuginMedia / Жаңалықтар

«Әлі ұяламын»: Бекболат Тілеухан Назарбаевқа қатысты ел білмейтін оқиғаны еске алды

Мәжілістің бұрынғы депутаты Бекболат Тілеухан журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында Нұрсұлтан Назарбаев президент болған кезеңдегі бірқатар саяси оқиға мен өзіне қатысты жағдайларды еске алды, деп хабарлайды buginmedia.kz.

«Әлі ұяламын»: Бекболат Тілеухан Назарбаевқа қатысты ел білмейтін оқиғаны еске алды «Әлі ұяламын»: Бекболат Тілеухан Назарбаевқа қатысты ел білмейтін оқиғаны еске алды
Ашық дереккөз

Экс-депутаттың сөзінше, кезінде «Отан» партиясының атауына «Нұр» сөзінің қосылуы Назарбаевтың айналасындағы жағымпаз адамдардың бастамасымен жүзеге асқан. Тілеухан бұл өзгеріске қарсылық білдіргенін және оның ұстанымынан бұрынғы президенттің де хабардар болғанын айтты.

Ол сондай-ақ сол кезеңдегі «Оян, Намыс» қозғалысының қызметі билік жүргізіп отырған саясатпен үйлеспегенін еске алды. Соған қарамастан Назарбаевтың өзіне қатысты кейбір әрекеттерін кешіргенін айтқан Тілеухан мұны бұрынғы президенттің оның ниетінің шынайы болғанын түсінуімен байланыстырды.

«Назарбаев менің көп нәрсемді кешірді ғой. Сол кезде «Оян, Намыстың» ісінің бәрі біздің жүргізіп жатқан саясатқа қайшы болды. Бірақ кешірді. Неге екенін білмеймін. Арамдық пен мансап үшін емес, шын жүрекпен жасап жүргенімді білді-ау. Кемеңгер адам ғой», – деді ол.

Бұрынғы депутат 2008 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының отырысында жасаған әрекетін де еске алып, оны қазірге дейін ұят санайтынын айтты.

Оның сөзінше, сол жиында Назарбаев қазақ тіліне қатысты сөз сөйлеген. Бұған наразылық білдірмек болған Тілеухан отырыстан демонстративті түрде шығып кеткен.

«Ойбай-ай! Әлі ұяламын… Ұят! Негізі, сол дұрыс болған жоқ деп ойлаймын. Мүлде саясаткер істейтін нәрсе емес», – деді экс-депутат.

Тілеуханның айтуынша, оның бұл әрекетін Назарбаев көрген. Соған қарамастан бұрынғы президент оған кешіріммен қараған.

«Назарбаев көрді. Соны да кешірді. Негізі, мейірімді адам еді», – деді Бекболат Тілеухан.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2