Бес күндік жұмыс аптасы бар қазақстандықтар желтоқсан айында жалпы 10 күн демалады.
2024 жылы 16 желтоқсан Тәуелсіздік күні дүйсенбіге сәйкес келеді. Сондықтан аптасына 5 күн жұмыс істейтіндер үшін 14, 15, 16 желтоқсан демалыс.
Алты күн жұмыс істейтіндер үшін сенбі, 14 желтоқсан күні жұмыс күні ретінде бекітілген.
30, 31 желтоқсан дүйсенбі және сейсенбіге сәйкес келгендіктен, қазақстандықтар айдың бұл күндері демалмайды.