Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
Мәзір

Туған күнге шыққан отбасының теңізде қайығы аударылып, ата-анасы із-түзсіз жоғалып кетті

Туған күнге шыққан отбасының теңізде қайығы аударылып, ата-анасы із-түзсіз жоғалып кетті Туған күнге шыққан отбасының теңізде қайығы аударылып, ата-анасы із-түзсіз жоғалып кетті
ашық дереккөз

Австралия жағалауында қайықтары аударылып, теңізде қалған үш бала алты күн бойы шағын аралда жан сақтаған. Олар аштыққа төтеп беру үшін кокос жаңғағын, жеміс-жидек пен устрица жеген. Алайда балалардың ата-анасы мен үш жастағы інісін құтқару мүмкін болмаған, деп хабарлайды buginmedia.kz Associated Press агенттігіне сілтеме жасап.

Оқиға 2004 жылғы 6 шілдеде Австралияның солтүстік-шығысындағы Торрес бұғазында болған. Хейли Тэмвой отбасымен бірге туған күн кешіне бару үшін 16 футтық алюминий қайығына отырған. Алайда жолда теңіз толқыны күшейіп, қайық аударылып кеткен.

Қайықта ерлі-зайыптыдан бөлек, олардың үш баласы – 15 жастағы Эллис, 12 жастағы Стивен және 10 жастағы Норита болған. Ата-анасы балаларға жақын маңдағы жартасты аралға қарай жүзуді бұйырған. Ал өздері үш жастағы кенже ұлы Кларенспен бірге қайықтың жанында қалған.

Балалар бірнеше сағат бойы акула кездесуі мүмкін теңізде жүзіп, ақыры жартасты аралдарға жеткен. Кейін олар Мату аралына қарай бет алып, сол жерде паналаған.

Үш бала алты күн бойы табиғи жағдайда өмір сүруге мәжбүр болған. Олар кокос жаңғағы, жергілікті жемістер мен устрица жеп, жан сақтаған. Ақыры дүйсенбі күні оларды жоғалған отбасы мүшелерін іздеп жүрген ағасы Фрэнк Нона тауып, құтқарып алған.

Балалар сусызданып, күнге күйгенімен, аман қалған. Ал ата-анасы мен үш жастағы інісін іздеу жұмыстары нәтиже бермеген. Құтқарушылар бірнеше жүз шаршы шақырым аумақты тексергенімен, тірі қалған болуы мүмкін деген үміттің аз екенін мәлімдеген.

Балалардың анасы қайық бата бастағанда оларға аман қалу үшін жағаға қарай жүзуді тапсырған. Ол балаларға отбасынан ең болмағанда біреуі тірі қалуы керегін айтқан.

Осылайша, үш баланың аман қалуы қайғылы оқиғаның жалғыз жұбанышы болды.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2