АҚШ-тың Монтана штатында бір отбасының сегіз мүшесі қаза тапты. Олардың арасында төрт бала бар. Қайғылы оқиға отбасы мүшелері кешкі асқа жиналған кезде болған., деп хабарлайды buginmedia.kz.
ABC News жазуынша, оқиға 2026 жылғы 23 тамызда Биллингс қаласының маңында болған. Сол күні 44 жастағы Алан Смит туыстарының үйіне келген. Кешкі ас кезінде ол отбасына оқ атқан.
Қаза тапқандардың арасында күдіктінің 92 жастағы әжесі, 73 жастағы әкесі, 72 жастағы анасы, 39 жастағы әпкесі және әпкесінің төрт баласы болған. Балалардың жасы 7 мен 15 аралығында.
Оқиға туралы полицияға хабар түскен соң, тәртіп сақшылары үйге жеткен. Бірақ олар келген кезде ғимарат өртеніп жатқан. Өрт сөндірушілер үйге бірден кіре алмағандықтан, жалын бүкіл ғимаратты шарпыған.
Күдіктіні полиция үйдің артқы жағынан тапқан. Ол өзіне оқ атқаннан кейін ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оны аман алып қала алмады.
Отбасы мүшелерінің айтуынша, Алан ата-анасымен бірге тұрған. Алайда оқиғадан бірнеше апта бұрын олар одан бөлек тұруын сұраған. Қанды оқиғаға нақты не себеп болғаны әзірге белгісіз.
Бұл қайғылы жағдайдың тағы бір ауыр тұсы – 12 жастағы Шарлотта Гикиере атыс кезінде полицияға хабарласып, көмек сұраған. Алайда ол да аман қалмады.
Қазір полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.