Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
Мәзір

Ақтөбеде 49 жастағы кәсіпкер үйінен өлі табылды

Ақтөбеде 49 жастағы кәсіпкер үйінен өлі табылды Ақтөбеде 49 жастағы кәсіпкер үйінен өлі табылды
Unsplash

16 қарашада таңертең Ақтөбе қаласындағы ауқаттылар тұратын аудандардың бірінде 49 жастағы кәсіпкер үйінен өлі табылды, деп хабарлайды buginmedia.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Телеарна мәліметінше, ер адамды атып кеткен болуы мүмкін. Марқұм – жанармай құю бекеттері желісінің директоры Айболат Жисов екені айтылуда. Оқиға таңғы сағат 07:30–07:40 шамасында болған. Көршілері тарс еткен үш дыбысты естігенімен, қараңғыда оны отшашу деп ойлаған.

Ақтөбе облыстық полиция департаменті ер адамның мәйіті табылуына байланысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

«Күдіктіні анықтауға және ұстауға бағытталған қажетті тергеу мен жедел-іздестіру іс-шараларының кешені жүргізілуде», – делінген ведомство хабарламасында.

Қазіргі уақытта қылмыстың мән-жайы мен себептері анықталып жатыр. Әзірге күдіктінің ұсталғаны туралы ақпарат жоқ.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2