Танымал әзілкеш әрі блогер Жахан Отарғалиев әлеуметтік желідегі парақшасында жүрек тебірентерлік бейнежазба жариялады. Өнер иесі көптен бері сәби сүюді армандағанын айтып, көпшілікпен жеке өміріндегі ауыр сәтімен бөлісті, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Жахан Отарғалиевтің айтуынша, ол 17 жыл бойы әке болуды армандаған. Ақыры көптен күткен қуанышты хабарды естіп, екі ай бойы өзін бақытты сезінген. Алайда бұл қуаныш ұзаққа созылмаған.
«Осындай жаңалық. 17 жыл күттім ғой мен. 2 ай өзімді шын бақытты сезіндім. Бірақ ұзаққа созылмады. Алладан үмітімізді үзбейміз», – деді әзілкеш.
Өнер иесінің бұл жазбасы әлеуметтік желі қолданушыларының жүрегін елжіретті. Желі қолданушылары оған қолдау білдіріп, отбасының арманы орындалуына тілектестік білдіріп жатыр.