Қарағанды қаласындағы сауда үйлерінің бірінен 40 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Қайғылы оқиға 16 қарашада болған, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Куәгерлердің айтуынша, ер адамның денесі сауда үйіндегі ана мен бала бөлмесінен табылған. Оны алғаш болып нысанның күзетшісі байқаған.
Оқиғаға қатысты Қарағанды облысының Полиция департаменті түсініктеме берді.
«16 қарашада Қарағандыдағы сауда үйлерінің бірінен өз-өзіне қол жұмсаған 40 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», – деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.