Мәзір

"Әкемнің 78 жасында өмірге келдім": актер Қуандық Қыстақбаев ел естімеген құпияны ашты

"Әкемнің 78 жасында өмірге келдім": актер Қуандық Қыстақбаев ел естімеген құпияны ашты "Әкемнің 78 жасында өмірге келдім": актер Қуандық Қыстақбаев ел естімеген құпияны ашты
ашық дереккөз

Белгілі актер Қуандық Қыстақбаев көпшілік біле бермейтін отбасылық тарихын айтып, ата-анасының өміріне қатысты тың деректермен бөлісті. Өнер иесі бұл туралы тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызына берген сұхбатында әңгімеледі, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Актердің сөзінше, ол әкесінің 78 жасында дүниеге келген. Сондай-ақ анасы әкесінің екінші әйелі болғанын айтты.

«Әкемнің 78 жасында дүниеге келдім. Таңдайымды көтеріп қояйын, рас айтамын. Екінші әйелінен боламын. Бірінші әйелі он шақты құрсақ көтерген», – деді Қуандық Қыстақбаев.

Өнер иесі әкесінің алғашқы некесінен бірнеше бала туғанын, алайда сол кездегі медицинаның мүмкіндігі шектеулі болғандықтан, олардың көбі шетінеп кеткенін жеткізді. Кейін алғашқы әйелі бес-алты жасар қызы бар кезде қайтыс болған.

Арада бір жыл өткен соң әкесі актердің анасымен шаңырақ көтерген. Ол кезде анасы небәрі 16 жаста болған. Кейін отбасында тағы бірнеше бала дүниеге келген.

«Сосын бір жылдан кейін менің шешемді 16 жасынан алады. Сөйтіп ол кісіге 10-12 құрсақ көтертеді. 1972, 1974 жылғы ағам бар», – деп еске алды актер.

Қуандық Қыстақбаев әкесінен ерте айырылғанын да айтты. Әкесі 88 жасында өмірден өткенде актер небәрі 10 жаста болған.

Сондай-ақ өнер иесі ата-анасының жас айырмашылығы 34 жыл болғанын атап өтті. Ол бұл жағдайды белгілі қаламгерлер Әкім Тарази мен Роза Мұқанованың отбасындағы жас айырмашылығымен салыстырды.

Қуандық Қыстақбаев кім?

Қуандық Қыстақбаев – театр және кино актері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Ол 1977 жылы 1 тамызда Алматы облысының Ұйғыр ауданында дүниеге келген.

1998 жылы Т. Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институтын тәмамдаған. Еңбек жолын Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық драма театрында бастаған.

Көрерменге «Келін», «Жат», «Томирис» фильмдері және Қасым Қайсеновтің бейнесін сомдаған «Қасым» туындысы арқылы танылды. 2015 жылы «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағын алған. Ал 2020 жылы Қалибек Қуанышбаев атындағы театрдың көркемдік жетекшісі қызметіне тағайындалған.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2