Бұл уәдесін кәсіпкер жұбайы – продюсер әрі актриса Баян Алагөзованың Instagram парақшасы арқылы мәлімдеді.
«Құрметті қазақстандықтар, бүгін Алматы күні. Барлық патриоттар сияқты біз де білеміз, 10 күннен кейін сүйікті командамыз «Қайрат» пен «Реал Мадридтің» ойыны өтеді. Сондықтан мен республика патриоты ретінде және өз туған күнім қарсаңында «Қайрат» командасы жеңіске жетсе, ойнаған барлық ойыншыға бір-бір автокөліктен сыйлаймын деп уәде беремін. Алматы – бейбітшілік астанасы, «Қайрат» – чемпион!» – деді Тұрсынғали Алагөзов.
Айта кететін жайт, Алматылық «Қайрат» футбол клубы 2025 жылдың 30 қыркүйегінде өз алаңында аңызға айналған «Реал Мадридті» қабылдайды.