Мәзір

Тоқаев: Түркі мемлекеттері ұйымы әскери альянсқа айналмауы керек

Тоқаев: Түркі мемлекеттері ұйымы әскери альянсқа айналмауы керек Тоқаев: Түркі мемлекеттері ұйымы әскери альянсқа айналмауы керек
Фото: Ақорда

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының әскери одаққа айналуына қарсы екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, ұйымның басты мақсаты – мүше елдер арасындағы ынтымақтастықты нығайту, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Мемлекет басшысы Түркі мемлекеттері ұйымын институционалдық тұрғыдан дамыту қажеттігін атап өтті. Оның сөзінше, соңғы жылдары ұйымның қызмет аясы кеңейіп, 60 түрлі бағытты қамтыған. Алайда олардың кейбірі бір-бірін қайталайды.

Сондықтан президент ортақ жұмыста басымдық берілетін бағыттарды анықтап, ұйымның алдында тұрған міндеттерді нақтылау қажет екенін айтты.

«Ұйымымыздың ең жоғары деңгейінде қол қойылған шарттардың ережелерін бұзуға болмайды деп санаймыз. Сондай-ақ ұйым жанындағы Тұрақты өкілдер кеңесін құру маңызды екенін тағы да айта кеткен жөн. Биыл мамыр айында Түркістанда өткен ең жоғары жиында мен Түркі мемлекеттері ұйымы әскери альянс емес, болашақта да болмауы керек деп айтқан едім. Бұл – Қазақстанның ұстанымы», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент түркі елдерін ортақ мақсат жолында бірлесе әрекет етуге шақырып, «Береке – бірлікте, ырыс – ынтымақта» деген халық мақалының мәнін еске салды.

Сонымен қатар Тоқаев Әзербайжанның ұйымға төрағалық еткен кезеңдегі еңбегін атап өтіп, алдағы уақытта төрағалық міндеті Түркияға өтетінін айтты. Ол ұйым аясында жаңа бастамалар жүзеге асады деген сенім білдірді.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2