Мәзір

Қазақстанда жұмысқа орналасу үшін диплом емес, «көке» керек - тарихшы

Қазақстанда жұмысқа орналасу үшін диплом емес, «көке» керек - тарихшы Қазақстанда жұмысқа орналасу үшін диплом емес, «көке» керек - тарихшы
видеодан скриншот

Тарихшы әрі қоғам белсендісі Жұмамұрат Шәмші «QASQA JOL» YouTube бағдарламасына сұхбат берді. Әңгіме барысында ол елдегі жемқорлық мәселесін, айыппұл салу тәртібін, бюджет қаржысының игерілуін және мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін сөз етті, деп хабарлайды buginmedia.kz.

«Қазақстан ұрлау мен жырлаудың Отанына айналғалы қай заман?»

Жұмамұрат Шәмші мемлекеттік бақылау жүйесі мен айыппұл салу тәжірибесіне қатысты сын айтты.

«Қазақстан ұрлау мен жырлаудың Отанына айналғалы қай заман? Аттап бассаң айыппұл, “Сергек” дейміз, басқа дейміз. Тіпті полицейлерге күніне 10 адамға айыппұл саласың деп тапсырады екен деседі. Жыл аяқталып келеді, жоғарыдағы шенеуніктер жылды аяқтайды, есеп береді, ақшаның қайда жұмсалғанын айтады. Бірақ бәрібір менің көңілім толмайды, ортадан ақшаны жеп қалу, шенеуніктер тек байып кетуді ойлайды», – дейді Жұмамұрат Шәмші.

Жұмысқа орналасуда білім маңызды ма?

Сұхбатта жұмысқа орналасу кезінде адамның білімі мен кәсіби қабілеті қаншалықты ескерілетіні, жеке таныстықтың жұмыс табуға ықпалы бар-жоғы да сөз болады.

"Оның қарым-қабілеті, білімі, дипломы түк керек емес. Қазақстанда жұмысқа орналасу үшін көке керек", - деді ол.

Сонымен қатар, сұхбатта қазақтардың тарихи Отанына оралуы кезінде кездесетін қиындықтар, қоғамда коучтар мен блогерлердің, түрлі кеңес берушілердің көбеюі, олардың адамдарға ықпалы және бұл құбылыстың туындауына әсер ететін қоғамдық сұраныс талқыланды.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2