Пәкістанның Сарг ауылында газ баллоны жарылып, бір отбасының үш мүшесі қаза тапты. Қайғылы оқиға кезінде әкесі мен оның екі қызы көз жұмып, тағы бір әйел ауыр жарақат алды, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Оқиға туралы ақпарат 13 қазанда жарияланды. Алдын ала мәлімет бойынша, жарылыс салдарынан 45 жастағы Хафиз Фахар Заман мен оның қыздары – 17 жастағы Анса Шехзади және 15 жастағы Хафза Биби қайтыс болған.
Жарылыс кезінде 35 жастағы Шабана Биби де ауыр жарақат алған. Оны әуелі жергілікті ауруханаға жеткізген. Кейін әйелдің жағдайы ауыр болғандықтан, Равалпинди қаласындағы Holy Family ауруханасына ауыстырған.