Мәзір

Сектаның жетекшісі 190 баланы өлтіргені үшін кінәлі деп танылды

Сектаның жетекшісі 190 баланы өлтіргені үшін кінәлі деп танылды Сектаның жетекшісі 190 баланы өлтіргені үшін кінәлі деп танылды
Фото Depositphotos.сom

Кенияда «Жақсы жаңалықтар» («Добрые вести») сектасының жетекшісі Пол Маккензи мен оның сыбайластары 190 баланы және бір ересек адамды өлтіргені үшін кінәлі деп танылды. Бұл туралы CBS News жазды, деп хабарлайды buginmedia.kz.

2023 жылдан бастап Кенияның Малинди курорттық қаласының шетіндегі секта аумағынан жүздеген адамның мәйіті табылған. Олардың басым бөлігі — балалар.

Тергеу мәліметінше, Пол Маккензи ізбасарларын Исамен кездесу үшін ашығуға шақырған. Ол адамдарды тамақтан бас тартуға, сондай-ақ балаларын тамақтандырмауға үгіттеген. Айыптау тарапының дерегіне сәйкес, секта жетекшісі өлімнің белгілі бір тәртібі бар деп сендіріп, алдымен балалар, кейін жасөспірімдер, әйелдер, соңында ер адамдар қайтыс болуы керек деген.

Сот-медициналық сараптама мен полиция есептеріне сәйкес, балалардың көпшілігі аштықтан көз жұмған. Кейбірі тұншығудан және бас-ми жарақаттарынан қайтыс болған.

Пол Маккензи 2023 жылғы сәуірде құқық қорғау ұйымы секта мүшелерінің өлімі туралы хабарлағаннан кейін ұсталды. Полиция операциясы кезінде таяз қабірлерден жүздеген адамның сүйегі табылды.

Кенияның Адам құқықтары жөніндегі ұлттық комиссиясы 2024 жылы қаза тапқандар саны 429 адамға жеткенін хабарлаған. Алайда олардың кейбірінің жеке басы әлі анықталмаған.

Бұл іс бойынша барлығы 29 адам айыпталған. Сот үкімін жариялау 6 қарашаға жоспарланған.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2