10–12 қазанда Қазақстанның бірқатар өңірінде жаңбыр жауып, шығыста жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын күтіледі, деп хабарлайды buginmedia.kz.
10 қазанға қараған түні Шығыс Қазақстан облысында, 12 қазанда Түркістан облысында қатты жауын-шашын болжанады. Ел бойынша түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін.
Күндіз ауа температурасы батыста +22…+27°C, солтүстік-батыста +17…+25°C, солтүстікте +13…+20°C, орталықта +13…+22°C, шығыста +10…+22°C, оңтүстік пен Қызылорда облысында +23…+28°C болады. Түркістан облысында температура +18…+23°C-қа дейін төмендеп, оңтүстік-шығыста +17…+25°C шамасында сақталады.