Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
Мәзір

Сабина Мовлаева көшедегі адамдардың кредитін жауап берді

Сабина Мовлаева көшедегі адамдардың кредитін жауап берді Сабина Мовлаева көшедегі адамдардың кредитін жауап берді
ашық дереккөз

Қазақстандық әнші, актриса әрі блогер Сабина Мовлаева көшеде кездескен бейтаныс адамдарға қаржылай көмек көрсетті. Ол екі адамның несиесін жауып, оларды қуантты, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Өнер иесі бұл туралы Instagram парақшасында жариялаған видеосында көрсетті. Айтуынша, ол түсірілімнен шыққан соң бірнеше адамның кредитін төлеп беруді ұйғарған.

Алдымен әнші қала тазалығымен айналысатын ер адаммен сөйлескен. Оның бір айлық несие төлемі 41 мың теңге екенін білген Сабина осы соманы аударып берген. Ер адам күтпеген сыйлыққа қуанып, әншіге алғысын білдірген.

Одан кейін Сабина жанармай құю бекетінде жұмыс істейтін әйелге көмектесті. Ол әйелдің 131 мың теңге көлеміндегі кредитін толық өтеп берген.

«Бүгін адамдарды қуантып, қарыздарын жауып бердім. Олардың эмоциясын көріп, өзім де қатты әсер алдым», – деді әнші.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2